Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ҚОРЫ БАНК ЦЕНТРКРЕДИТТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

03.07.2026

Банк ЦентрКредиттің Павлодар филиалы университетке көрнекті қазақ жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының жаңа басылымын сыйға тартты. Кітаптар отандық әдебиетті қолдау және ұлттық мәдени мұраны насихаттау мақсатында жүзеге асырылып жатқан республикалық бастама аясында университет кітапханасының қорына қабылданды.

«Елең-алаң» романы – қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі. Туындыда қазақ халқы тарихының маңызды кезеңдері, ұлттық бірлік, жауапкершілік, көшбасшылық және тарихи таңдау мәселелері терең суреттелген. Енді бұл шығарма университеттің студенттері, оқытушылары және кітапхана оқырмандары үшін бұрынғыдан да қолжетімді болмақ.

Білім беру және мәдени бастамаларды қолдап, кітап оқу мәдениетін дамытуға, сондай-ақ университет кітапханасының қорын толықтыруға қосқан құнды үлесі үшін Банк ЦентрКредитке шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сыйға тартылған кітаптар университет кітапханасынан лайықты орын алып, студенттердің отандық әдебиетті, Қазақстан тарихын және ұлттық рухани мұраны тереңірек танып-білуіне өз септігін тигізеді деп сенеміз.