МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮСТЕЛ ТЕННИСІ БОЙЫНША КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
30.04.2026
2026 жылғы 29–30 сәуір аралығында Jenimpaz теннис орталығында жоғары оқу орындары студенттері арасында үстел теннисінен Марғұлан университетінің кубогы ұйымдастырылды. Аталған жарысқа 80-нен астам студент-спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында:
1-орын – Марғұлан университеті
2-орын – Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті
3-орын – Astana IT университеті
Қыздар арасында:
1-орын – Шәкәрім университеті
2-орын – Торайғыров университеті
3-орын – Марғұлан университеті
Турнирдің үздік ойыншылары болып Марғұлан университетінің студенті Амангелді Әмір және Шәкәрім университетінің студенті Әсет Айша танылды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.



