Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ МОҢҒОЛИЯДА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

13.05.2026

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Моңғолияға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Баян-Өлгей аймағының әкімімен ресми кездесу өтіп, тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және халықаралық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Іссапардың негізгі мақсаты – өңір жастары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

Марғұлан университетінің өкілдері — Өнер және спорт жоғары мектебі білім беру бағдарламасының жетекшісі Жанболат Бөжік, Өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы Тамара Шайза және Өнер және спорт жоғары мектебінің студенті Ердігүл Марғұлан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, радио мен телеарналарда сөз сөйледі, сондай-ақ өңір мектептерінде кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында оқушыларға университеттің дайындық бөлімі, сондай-ақ қандас жастарға Қазақстан жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар көрсетіліп, білім жолындағы мақсаттарын айқындауға көмек көрсетілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында университеттің білім беру бағдарламалары таныстырылып, оқуға түсу талаптары, оқу үдерісі мен түрлі мамандықтардың ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Талапкерлер Қазақстанда білім алу мүмкіндіктері туралы толық мәлімет алды.

Бұл сапар халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болып, болашақ студенттер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.