Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТӘЖІКСТАН МЕН ПОЛЬША СТУДЕНТТЕРІ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІЛІМ АЛУДА.

30.04.2026

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында университетке шетелдік студенттер келіп, білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болуда. Қазіргі таңда Тәжікстан мен Польша елдерінен келген студенттер оқу процесіне белсенді қатысып, жаңа білім мен мәдени ортаға бейімделуде.

Марғұлан университеті білім мен ғылым саласындағы халықаралық байланысты нығайта отырып, студенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсынуды жалғастырады.