МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
19.03.2026
Бүгін Марғұлан университетінде Павлодар облысының коалициялық тобының отырысы өтіп, онда өткен референдумның қорытындылары талқыланды.
Еске сала кетейік, 15 наурыз күні елімізде референдум өтіп, қазақстандықтар жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс берді.
Кездесу алаңына депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, сарапшылар мен жастар жиналды. Отырысты университет ректоры Ержан Әмірбекұлы модерациялады.
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Тимур Джумурбаев бейнебайланыс арқылы референдумнан кейінгі алғашқы әсерімен бөлісті. Ол дауыс беру барысында жастардың белсенділігі қоғамның саяси кемелденуінің маңызды көрсеткіші екенін атап өтіп, жаңа Конституция болашақ ұрпақтың ғылыми, шығармашылық және инновациялық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруына кең мүмкіндік ашатынын айтты.
Өңір тұрғындарының жоғары азаматтық белсенділігін облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко да
орталық сайлау комиссиясының ресми деректеріне сәйкес, Павлодар облысындағы сайлаушылардың 90 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдағанын және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін атап өткенін, сондай-ақ Павлодар облысы президенттік бастамаларды қолдау бойынша елде бірінші орында екенін алға тартты.
Жаңартылған Ата заңның басым бағыттары туралы Қоғамдық кеңес төрағасы Бәкір Демеуов, «RESPUBLICA» партиясының облыстық филиалының төрағасы Амангелді Маханбет, ғалымдар қатарында Анара Каримова мен Бекен Сағындықұлы, сондай-ақ Ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Серік Жартыбаев баяндады.
Іс-шараның Марғұлан университетінде өтуі де символдық мәнге ие. Жаңа Конституцияда жастардың қоғамдағы рөліне ерекше назар аударылған. Ал болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілер ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын ұрпақты қалыптастырады.















