Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ MU TEAM ПОДКАСТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ТҮСІРІЛІМІ ӨТТІ.

06.05.2026

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Әскери-теңіз күштерінің ардагері, запастағы гвардия подполковнигі Тимур Аленов подкаст қонағы болды.

Еркін форматтағы әңгіме барысында ол әскери қызмет, өмірлік ұстаным мен елге адал қызмет етудің маңызы туралы ой бөлісті. Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, маңызды тақырыптарды талқылап, терең ой салатын оқиғаларды тыңдады.

Шынайы әңгіме, өмірлік тәжірибе және ашық жауаптар — мұның бәрі MU TEAM подкастының жаңа шығарылымында.