Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

30.09.2026

Марғұлан университетінде кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

Жиынға облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кеңесшісі Гүлнар Мусанова, Марғұлан университеті аппаратының басшысы Әділет Күлбеков және университет қызметкерлері қатысты.

Жиналыс барысында кәсіподақ ұйымының есепті кезеңдегі жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқыланды.

Кәсіподақ ұйымының бұрынғы төрайымы Бибенур Байдалинова атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау, ұжым мүшелеріне қолдау көрсету және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған жұмыстарды атап өтті.

Жиынның маңызды мәселелерінің бірі – кәсіподақ ұйымының жаңа төрайымын сайлау болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке университеттің қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы Ғалия Ибраева сайланды.

Жиын соңында кәсіподақ ұйымының алдағы жұмысының басым бағыттары айқындалып, ұжым мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.