Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

01.10.2026

Марғұлан университетінде Жоғары білім беру қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.

Ұжымды Басқарма мүшесі - даму және студенттермен жұмыс жөніндегі проректор Серік Ильясов құттықтады. Ол университеттің дамуы мен білім және ғылым саласына үлес қосып жүрген қызметкерлердің еңбегін атап өтті.

Мерекелік шара барысында университеттің дамуына елеулі үлес қосқан үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, көтеріңкі көңіл күймен қорытындыланды.