HEALTH DAY 2026: 1000-НАН АСТАМ СТУДЕНТ БАС ҚОСТЫ
30.09.2026
30 қыркүйек күні Марғұлан университетінің жоғары мектептері мен Студенттік парламентінің ұйымдастыруымен «Усолка» шағынауданында HEALTH DAY 2026 спорттық-сауықтыру іс-шарасы өтті.
Іс-шараға университеттің 1000-нан астам студенті қатысып, командалар арасында түрлі байқаулар мен қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар ептілік пен шапшаңдықтарын сынап қана қоймай, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын да көрсетті.
Шара барысында студенттер белсенділік танытып, командалық тапсырмаларды орындап, өзара қолдау көрсетті. Сондай-ақ бірқатар номинация бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
HEALTH DAY 2026 студенттерге сергіп, достарымен бірге уақыт өткізіп, жаңа таныстықтар орнатуға мүмкіндік берген көңілді де мазмұнды күн болды.



