Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ОМБЫ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

16.07.2026

Марғұлан университетіне ресми сапармен Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі Азамат Хабдылнұрұлы Әділов келді.

Сапар аясында Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлымен кездесу өтті. Тараптар жоғары білім беру, ғылым және академиялық ұтқырлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың басым бағыттарын айқындады.

Кездесудің негізгі нәтижесі – Марғұлан университеті мен Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды.

Меморандум жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған және бірлескен білім беру мен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруды, студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамытуды, тәжірибе алмасуды, халықаралық конференциялар, семинарлар және басқа да ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыруды көздейді.

Қол қойылған құжат халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, білім беру сапасын арттыруға және екі университеттің ғылыми-білім беру әлеуетін біріктіретін жаңа бастамаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Марғұлан университеті халықаралық серіктестік аясын жүйелі түрде кеңейтіп, жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.