МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІН ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
28.06.2026
Бүгін Марғұлан университетінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай өңір журналистеріне арналған пресс-ланч ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Ертіс» телеарнасының директоры Жұмабек Сманов, «Pavlodarnews.kz» жаңалықтар порталының шығарушы редакторы Құралай Шаяхметова, «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің тілшісі Нұржайна Шодыр және «1 канал» телеарнасының меншікті тілшісі Майя Шуакбаева қатысты.
Кездесу барысында Басқарма төрағасы – университет ректоры Ержан Әмірбекұлы қонақтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды. Сондай-ақ заманауи журналистиканың даму үрдістері, ақпараттық кеңістіктегі өзгерістер және жоғары оқу орындары мен медианың өзара ынтымақтастығы туралы ой бөлісті.
Еркін форматта өткен басқосуда қатысушылар журналистика саласының өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасып, алдағы бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасты.
БАҚ өкілдеріне кәсіби қызметтері, қоғамды сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету жолындағы еңбектері үшін алғыс білдіреміз!