МАГИСТРАНТТАРҒА ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ
25.06.2025
Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университет 168 магистранттың сәтті түлектер қатарына қосылғанын мақтанышпен хабарлайды!
Университет ректоры өзінің тілегінде:
«Біз сіздердің тек кәсіби білімдеріңізді тереңдетіп қана қоймай, аналитикалық ойлауға, креативті шешім қабылдауға және икемді дағдыларды қолдануға үйреттік — мұның барлығы болашақта кездесетін сын-қатерлерді сеніммен еңсерулеріңіз үшін», — деп атап өтті.
Бұл маңызды белес — әр түлектің көпжылдық еңбегінің, табандылығы мен мақсаткерлігінің нәтижесі. Алған білімдеріңіз, біліктіліктеріңіз бен тәжірибелеріңіз кәсіби жетістіктеріңіздің берік іргетасы боларына сенімдіміз.
Университет ұжымы атынан барша түлектерімізді осы атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта батылдық, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз. Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университеттің түлегі атағын әрдайым мақтанышпен алып жүріп, білім мен ғылымның дамуына өз үлестеріңізді қосыңыздар!