МАГИСТРАНТТАР ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙЫНША ЕСЕПТЕРІН ҰСЫНДЫ
26.05.2026
2026 жылдың 25 мамырында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша бірінші курс магистранттарының 2025–2026 оқу жылына арналған есептері тыңдалды.
7M01732 «Ағылшын тілі және медиа дидактика» және 7M01734 «Ағылшын тілі және медиа дидактика» (Токат университетімен қос дипломдық бағдарлама, Түркия) білім беру бағдарламаларының магистранттары өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырды.
Есеп беру кездесуінде білім алушылар магистрлік диссертациялары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, оқу жылы ішінде қол жеткізген нәтижелерін презентация арқылы ұсынды. Қатысушылар ағылшын тілін оқыту мен медиа дидактика саласындағы заманауи тәсілдерге арналған зерттеулерін көрсетті.
Түркиядағы Токат университетінде білім алып жатқан магистранттар отырысқа ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.
Ғылыми жетекшілер ұсынылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, магистранттардың дайындық деңгейі мен зерттеу тақырыптарының өзектілігін атап өтті. Талқылауға профессор М.С. Құлахметова, қауымдастырылған профессор Б.Д. Нығметова, қауымдастырылған профессор Ә.Қ. Жетпісбай, қауымдастырылған профессор Ш.Ж. Алимова және қауымдастырылған профессор А.Б. Ахметова қатысты.


