КІТАП – БІЛІМ МЕН ДАМУДЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ
25.04.2026
Ермұхан Бекмаханов атындағы кітапханада Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – ұлттық қазына» атты іс-шара өтті. Шара барысында қатысушылар кітаптың ғылым мен білімді дамытудағы айрықша рөлін атап өтті. Сонымен қатар студенттер өздерінің сүйікті туындылары мен кейіпкерлері туралы ой бөлісіп, әдебиетке деген қызығушылықтарын танытты.
Марғұлан университетінің кітапханасы – студенттердің сапалы білім алуына мүмкіндік беретін маңызды орталықтардың бірі. Бұл тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар ізденіс пен зияткерлік дамудың тиімді алаңы. Мұнда жасалған қолайлы жағдайлар білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, кәсіби тұрғыда қалыптасуына ықпал етеді. Осылайша, кітапхана әр студент үшін сарқылмас білім көзіне айналып отыр.



