ЖҮЗУ СПОРТЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
03.04.2026
Марғұлан университетінің спорт кешенінде әртүрлі мамандықта білім алып жүрген студенттерді біріктірген жүзу жарысы өтті.
Жарысқа 16 студенттен құралған, 4 команда қатысты. Жүзу спортының мықтылары өзара бақ сынасты.
Ойын қорытындысы бойынша «67» командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орын «Акулы» командасына бұйырса, үшінші орынды «КИТ» командасы қанағат тұтты.
Жарыс ұйымдастырушыларының бірі, жүзу нұсқаушысы Ермек Бозтаев мұндай шаралар студенттер арасында достықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.





