Перейти к содержимому страницы.

ЖАҢАӨЗЕНДЕ ЖОО КӨРМЕСІ ӨТТІ: МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ БАҒДАР БЕРДІ

25.04.2026

Жуырда Жаңаөзен қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңесшісі Руслан Емельбаев пен қала әкімі Жансейіт Исаханұлының қатысуымен еліміздің және шетелдік жоғары оқу орындарының көрмесі өтті.

Аталған іс-шараға Марғұлан университетінің қызметкерлері Гүлнар Мусанова мен Бибенур Байдалинова қатысып, Маңғыстау облысы, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Көрме мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағытталып, жоғары оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік берді. Олар талапкерлерге білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері мен гранттар жайлы кеңінен түсіндіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында университетке қызығушылық танытқан 150-ден астам әлеуетті талапкерге жеке консультациялар берілді. Сонымен қатар, көрме аясындағы таныстырылымдар мен ақпараттық материалдар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырып, университеттің білім беру мүмкіндіктеріне сұраныстың жоғары екенін көрсетті.