Перейти к содержимому страницы.

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ

01.07.2026

Конституция күніне арналған іс-шарада Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, философия докторы (PhD) Айгүл Садыкова «Ата Заңның қалыптасу жолына ретроспективті талдау» тақырыбында баяндама жасады.

Спикер өз сөзінде қазақстандық конституционализмнің эволюциялық дамуына тоқталып, Жаңа Конституцияның институционалдық негіздері Ұлы Даланың дәстүрлі құқықтық мәдениетімен сабақтас екенін атап өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов пен өңірдің белсенді жастары қатысты.

Шара соңында қатысушыларға Жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды.