ҒЫЛЫМ ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ: ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ
03.06.2026
Шәкәрім университетінде Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің делегациясы қонақта болды. Кездесу барысында тараптар білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
Қонақтарға университеттің ғылыми-зерттеу әлеуеті таныстырылып, ғалымдар мен жас зерттеушілер жүзеге асырып жатқан инновациялық жобалар ұсынылды. Делегация ғылыми зертханалардың жұмысымен танысып, заманауи технологиялар мен ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін көрді.
Кездесу аясында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және білім мен ғылым саласындағы серіктестікті кеңейту бағыттары сөз болды. Мұндай кездесулер жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтып, жаңа бастамалар мен перспективалы жобалардың жүзеге асуына жол ашады.