Перейти к содержимому страницы.

ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ: МАТЕМАТИКТЕР ҒЫЛЫМДЫ ИНСТАЛЛЯЦИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӨРСЕТТІ

13.04.2026

Ғылым онкүндігі аясында «Математика» білім беру бағдарламасының студенттері проективті геометрияны жарқын әрі интерактивті инсталляциялар арқылы көрсетті.

Аға оқытушы Русангүл Жүнісованың жетекшілігімен екінші курс студенттері «Anamorphosis-Selfie» фотозонасын жасап, 3D-кілем-ұшақ арқылы белгілі бір бұрыштан қарағанда ғана ашылатын көлемдік иллюзияны ұсынды.

МФ-21 тобы шынайылық пен қиял арасындағы өтпелі әсерді беретін көркем галерея инсталляциясын безендірсе, М-21 студенттері перспективасы бұзылған кеңістікті көрсететін, көру иллюзиясын демонстрациялайтын Эймс бөлмесінің макетін ұсынды.

Қатысушылар байқауға белсенді қатысып, креативті бейнероликтер түсіріп, ерекше ракурстарды іздеді. Осылайша, ғылымның тартымды әрі қызықты бола алатынын дәлелдеді.