ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС
13.04.2026
Марғұлан университетінде Ғылым онкүндігі аясында халықаралық деңгейдегі мазмұнды дәріс өтті.
Түркияның Токат Газиосманпаша университетінің PhD докторы, профессоры Hakan Doğan Mete география мамандығының студенттеріне арнап From Classroom to Laboratory: Integrating Project-Based Learning to Enhance Research Quality Аудиториядан зертханаға: жобалық оқыту арқылы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында геоақпараттық жүйелерге ерекше назар аударылды. Бұл заманауи технология студенттерге теориялық білімді нақты ғылыми жобалар мен далалық зерттеулерге айналдыруға мүмкіндік береді.
Студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойды және қонаққа мазмұнды әрі пайдалы дәріс үшін алғыс білдірді. Іс-шараның ең әсерлі сәттері Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды. Профессор Hakan Doğan Mete-ге мазмұнды кездесуі үшін алғысымызды білдіреміз.




