Перейти к содержимому страницы.

ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН-СЕМИНАР: ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

14.04.2026

Марғұлан университетінде Ғылым онкүндігі аясында “What Do We Learn from Online Education?” тақырыбында онлайн-семинар өтті. Іс-шараға «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері, магистранттары, докторанттары және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Онлайн-кездесудің спикері — педагогика ғылымдарының докторы, профессор Российский экономический университет имени Г.В. Плеханова өкілі Наталия Юрьевна Фоминых болды. Семинар модераторы — PhD, Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Шолпан Жумабековна Алимова.

Семинар барысында қатысушылар бейресми білім беру мүмкіндіктерімен танысып, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Сонымен қатар жаппай ашық онлайн-курстарды (МООК) университеттің білім беру үдерісінде қолдану ерекшеліктері қарастырылды.

Спикер цифрлық білім беру ресурстарын тиімді енгізу тәжірибесімен бөлісіп, заманауи жағдайда икемді оқыту формаларының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Наталия Юрьевна қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, МООК-ты оқу және сабақтан тыс уақытта тиімді пайдалану бойынша ұсынымдар берді. Сонымен қатар қатысушыларға Российский экономический университет имени Г.В. Плеханова-мен академиялық ынтымақтастықты дамытуға шақыру жасалды.