ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
17.04.2026
ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Марғұлан университетінде ғылым онкүндігі аясында университеттің ғалымдары мен қызметкерлерін марапаттарға ие болды.
Іс-шара барысында бірқатар қызметкерлер ғылыми және қоғамдық саладағы еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Ғылым үздігі» құрмет дипломы, «Жылдың үздік зерттеушісі» дипломы және құрмет грамоталары табысталды. Сондай-ақ жалпыұлттық коалицияның үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар берілді.
Салтанатты жиында университет ректоры Ержан Әмірбекұлы сөз сөйлеп, оқу орнының даму бағыты мен жетістіктеріне тоқталды.
— Университет жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Халықаралық ынтымақтастық нығайып, жаңа серіктестік байланыстар орнатылуда. Жақын арада Қытайдан келген студенттер біздің оқу орнымызбен танысып, білім беру үдерісін зерделейтін болады, — деді Ержан Әмірбекұлы.
Сондай-ақ ректор университет ғалымдарының еңбегі оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.









