Перейти к содержимому страницы.

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТАРТЫСТЫ ДОДА

25.04.2026

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде үстел теннисінен жеке біріншілік жарысы өтті. Аталған додаға университет, колледж және дайындық тобының студенттері қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында бірінші орынды университеттің ФКС-36 тобының студенті Токтасынов Эрик иеленсе, екінші орын М. Қанапиянов колледжінің студенті Вакас Дауренге бұйырды, ал үшінші орынды осы колледждің студенті Байжанов Алдияр қанағат тұтты. Қыздар арасында жеңіс тұғырының ең биік сатысына дайындық тобының студенті Баймұрат Аққулан көтерілді, екінші орынды Бихумар Нұрсауле иеленіп, үшінші орын Табысбек Раяға бұйырды.

Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне университеттің үстел теннисі жаттықтырушысы Әбішев Дәулет Жұмажапарович жетекшілік етті. Бас төреші қызметін Бозтаев Ермек атқарды.