ЕРЕН САБИТ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛІН ИЕЛЕНДІ
18.05.2026
Алматы облысының Іле ауданында жастар арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең мықты жас спортшылар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің МТ-41 тобының студенті Ерен Сабит 90 келі салмақ дәрежесінде жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Қазақ күресінен жаттықтырушы Қайрат Баязитовтың айтуынша, Ерен Сабит жарыс барысында бірнеше тартысты әрі техникалық белдесу өткізіп, нәтижесінде Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Спортшыны жоғары жетістігімен құттықтап, алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда сәттілік тілейміз.
