Перейти к содержимому страницы.

«ЕГЕМЕНДІККЕ БАСТАР ЖОЛ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА

22.10.2026

2026 жылғы 22 қазанда Республика күні қарсаңында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатымен бірлесіп, «Егемендікке бастар жол» атты тарихи-танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шара университеттің 2026–2027 оқу жылына арналған тірек мектептермен ынтымақтастық жоспары аясында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты — оқушылардың Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы туралы тарихи білімін тереңдету, Республика күнінің тарихи және қоғамдық маңызын түсіндіру, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Іс-шара Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы А.Е. Каримова, "Тарих" білім беру бағдарламасының жетекшісі Б.Н. Абдрахманов және тарих ғылымдарының кандидаты З.Ш. Айткеновтің жетекшілігімен ұйымдастырылды. Оны өткізуге «Тарих» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты З. Маженова, 2-курс магистранты А. Мухаметхали және 1-курс магистранты Қ. Бейсенбай атсалысты.

Тарихи-танымдық іс-шараға гимназия-интернаттың 8–9-сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар Қазақстан тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, танымдық тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдері мен тарихи пайымдау дағдыларын көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша «Тарих тарландары» командасы жеңімпаз атанды.

Мұндай бірлескен іс-шаралар университет пен тірек мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқушылардың тарихи санасын дамытуға және ұлттық құндылықтарға құрметін арттыруға бағытталған.