Перейти к содержимому страницы.

ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

17.06.2026

Бүгін Марғұлан университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и литература», «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламалары бойынша 1–3 курс докторанттарының жылдық есебі тыңдалды.

Іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Есепті тыңдау барысында докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспарларын таныстырды.

Жиынға филология ғылымдарының докторы, профессор Зифа Теміргазина, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гульфира Отепова, комиссия мүшелері Нүркен Күзембаев, Мергүл Құлахметова, Меруерт Каирова, Әсем Сүлейменова, сондай-ақ жоғары мектептің профессор-оқытушылар құрамы Айгүл Ахметова, Айжан Макишева, Әлия Жетпісбай, Жұлдыз Сағынтаева қатысып, докторанттардың ғылыми жұмыстарына баға беріп, құнды ұсыныстар мен кеңестер айтты.

Айта кетейік, есепті қорғау онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды.