ДЕПУТАТ ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
14.04.2026
Марғұлан университетінде «Цифрлық ортадағы адамның құқықтары» тақырыбында маңызды қонақтық дәріс өтті. Дәрісті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Цифрлық қоғам» партиялық жобасының комиссары Е.В. Смышляева жүргізді.

Жиын барысында цифрландыру дәуіріндегі адам құқықтарының өзекті мәселелері, олардың қорғалуы және заманауи технологиялардың қоғамға әсері кеңінен талқыланды. Спикер цифрлық кеңістікте жеке деректердің қауіпсіздігі, ақпараттық мәдениет және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығына баса мән берді.

Дәріс аясында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің цифрландыру саласындағы жобаларымен көрсетілді. Атап айтқанда, «Қазақстандағы дарынды балаларды дамытуға бағытталған педагог кадрларды даярлау жүйесінде жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбы негізіндегі жобалар таныстырылды.

Аталмыш жоба білім беру саласына заманауи технологияларды енгізу арқылы дарынды оқушылармен жұмысты жетілдіруге бағытталған. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану педагог кадрлардың кәсіби деңгейін арттыруға және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.

Шараға 160 адам қатысып, қатысушылар өзара пікір алмасып, цифрлық трансформация жағдайындағы білім беру мен ғылымның даму бағыттарын талқылады.
