Перейти к содержимому страницы.

БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР ЭКСКУРСИЯСЫ

03.06.2026

Болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған кәсіби бағдар жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі – жоғары оқу орындарымен таныстыру экскурсияларын ұйымдастыру. Мұндай кездесулер мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайтып, оқушыларға дұрыс бағыт таңдауға көмектеседі.

Бұл жолы Марғұлан университетіне Павлодар қаласындағы №41 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары келіп, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Экскурсия барысында оқушылар университеттің оқу корпустарын аралап, заманауи зертханаларды көрді, түрлі мамандықтар туралы ақпарат алды және студенттік өмірмен танысты. Сонымен қатар оларға білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет берілді.