«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ӘДЕБИ КЕШ
23.04.2026
Марғұлан университетінде ұлттық кітап күніне орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы жыл кітабы болып таңдалды. Осы маңызды мәдени бастамаға орай Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана М.Қанапьянов атындағы жоғары колледж студенттеріне арналған әдеби кеш ұйымдастырды.
Кеш барысында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында білім алып жүрген студенттер жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен кеңінен танысты. Қатысушылар қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктерін саралап, автордың тарихи тақырыптарды игерудегі шеберлігіне назар аударды.
Әдеби басқосудың негізгі өзегі – «Тағдыр» романын талқылау болды. Студенттер шығармада бейнеленген қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдері, ұлттың тағдырлы белестері мен рухани болмысы жайында ой бөлісті. Романдағы кейіпкерлер тағдыры арқылы халықтың өмірлік ұстанымы, елдік мұраты мен ұлттық құндылықтары терең әрі әсерлі суреттелетіні атап өтілді.
Іс-шараның тәрбиелік мәні де ерекше болды. Көркем туындыны талдау арқылы жастардың тарихи санасы қалыптасып, отансүйгіштік сезімі нығая түсті. Мұндай әдеби кештер жас ұрпақты рухани тұрғыдан байытып қана қоймай, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттырары сөзсіз.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
