«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ШАХМАТ»: ПЕДАГОГТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ
29.04.2026
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Білім берудегі шахмат» атты республикалық конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырып, білім беру саласының өкілдерін — мектеп басшыларын, педагогтерді, әдіскерлер мен сарапшыларды бір алаңға жинады. Іс-шараның қадірлі қонақтары: Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Айгүл Баймұрзақызы Жумабекова; Павлодар облысы білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Бахтияр Суюндыкович Тусупов; «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ Павлодар қаласы филиалының басшысы Азамат Серікович Жексембаев; – Қазақстан шахмат федерациясының Павлодар облысы бойынша атқарушы директоры Арыстан Исатаевич Капаев; Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дене шынықтыру пәні әдіскері Қадірбек Сатыбалдыұлы Раисов. Конференция спикерлері: –Павлодар облысы білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы басшысының орынбасары Жанат Нұрланович Сулейменов; Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Академиялық офис басшысы Алия Амангелдіевна Жакиенова; Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Ажар Курмановна Сейтханова; Ақсу қаласының «Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ директоры Шынар Әділкәрімқызы Қасымханова және осы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мейрамгүл Зейнел; – Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебі КММ мұғалімі Жұлдыз Мырзабекқызы Қабылдина. Баяндамашылар өз ұйымдары мен білім беру мекемелеріндегі тәжірибелерімен бөлісіп, шахматты оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Сонымен қатар, әдіскерлерге арналған арнайы семинар ұйымдастырылып, тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді.
