БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?
19.02.2026
Әлкей Марғұлан университеті студенттердің тәжірибе өтіп жатқан орнына бару көшпелі кездесуін жалғастыруда. ЖОО өкілдері №22, №96 балабақшаларына барып қайтты.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айгүл Жұмабекова, Мансап және тәжірибе орталығының басшысы Татьяна Гаврилова және Құзыреттілік және үздіксіз білім беру орталығының басшысы Анара Камайлянова мекемелердің басшылығы және ұстаздарымен кездесті.
– Университіміздің студенттері мектептен бөлек, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында да тәжірибеден өтеді. Мұндай әдіс студенттердің білім беру жүйесінің әртүрлі саласында тәжірибе жинап, мамандықты терең меңгеруге ықпал етеді, – деді проректор Айгүл Жұмабекова.
Кездесу барысында студенттердің тәжірибе кезіндегі оқу-әдістемесі мен ұйымның жас тәрбиешілерге арналған ережесі таныстырылды. Сонымен қатар, олардың әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі талқыланды.
Осындай көшпелі кездесулер тәжірибе негіздерімен тығыз байланыс орнатуға және болашақ мамандарды жұмыс барысымен жақынырақ таныстыруға септігін тигізеді.