Перейти к содержимому страницы.

«АТА-АНАМНЫҢ МАМАНДЫҒЫ – МЕНІҢ КӨЗҚАРАСЫМ»: ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІЛДІ

09.09.2026

9 қыркүйек күні Марғұлан университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Гүлзира Сагнаева мен ҚТӘ-41 тобының студенті Жәудір Пайз Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9–11 сынып оқушыларына арналған «Ата-анамның мамандығы – менің көзқарасым» кәсіптік бағдар беру кешіне қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға педагогикалық жоғары оқу орнында білім алудың мүмкіндіктері мен студенттерге жасалатын жағдайлар таныстырылды. Сонымен қатар мұғалім мамандығының қазіргі еңбек нарығындағы сұранысы мен білім беру саласында білікті мамандарға деген қажеттілік туралы айтылды.

Кәсіптік бағдар беру кешінде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға қатысты пайдалы ақпарат алды. Кездесу жасөспірімдердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.