Перейти к содержимому страницы.

АСҚАРАЛЫ АСУ: ҒАЛЫМ БЕКЕН САҒЫНДЫҚҰЛЫНЫҢ 60 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ

26.06.2025

Бүгін филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлының “Қазақ филологиясындағы сала және пәнаралық ғылыми сентенция” тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар және салтанатты Ғылыми кеңес өтті.

Аталмыш шараға Астана, Қызылорда, Алматы қалаларынан тілші-ғалымдар, атап айтқанда, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жақыпов Жантас Алтайұлы, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, Инновациялық Еуразия университетінің профессоры Бейсембаев Амангелді Рақышұлы, Астана қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Байзақов Нұржан Елубайұлы қонақ ретінде қатысып, ғылыми-әдістемелік баяндамаларымен бөлісті.

Ғалымдар баяндамасында қазақ тіл білімі мен әдебиеті және оны оқыту мәселелері қозғалып, жаңартылған білім мазмұнының артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ оқулықтардың сапасы талданды.

Мектеп мұғалімдерінің көкейтесті сұрақтары ортаға салынып, ортақ тұжырымдар жасалды.