АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР: ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ БОЛАШАҒЫ
10.04.2026
Ғылым декадасы аясында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Архивтік құжаттар: ғылыми әлеует және ғылыми зерттеулердің болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты қорлары негізінде дайындалған көрмені тамашалап, сондай-ақ Археологиялық зерттеулер институтында қолданылатын заманауи ғылыми әдістермен танысты.
Дөңгелек үстел жұмысына «Тарих» білім беру бағдарламасының оқытушылары, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері, археолог мамандар, жас ғалымдар мен білім алушылар қатысты.
Кездесу аясында қатысушылар архивтік деректерді ғылыми зерттеулерде қолдану мәселелері бойынша баяндамалар тыңдап, өзекті тақырыптар төңірегінде мазмұнды пікір алмасты.







