АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН
26.04.2026
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Арнайы педагогика» бағыты бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Білім бәйгесіне еліміздің жоғары оқу орындарынан келген үздік студенттер қатысып, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы теориялық білімдері мен кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Аталған додада біздің студенттер университет намысын лайықты қорғап, II жүлделі орынға ие болды. Олимпиадаға СП-31 тобының студенттері Акбота Токен, Камила Ахметова және СП-32 тобының студенттері Арина Холодько, Балнұр Қазбек қатысты. Студенттердің ғылыми жетекшісі – Алтынай Мұрзатаева.
Студенттерді құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыруын тілейміз!
