АҚТОҒАЙ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ
14.04.2026
Марғұлан университетінің өкілдері Ақтоғай ауданы мектептерінің 10–11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шараға М. Қайырбаев және Абай атындағы орта мектептердің оқушылары қатысты. Кездесу барысында талапкерлерге университетке түсу ережелері, білім беру бағдарламалары және әлеуметтік жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді.
Оқушылармен «Тарих» білім беру бағдарламасының оқытушысы Гүлнар Курманғазина, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Нұрай Жанбырбаева, «Физика және математика» білім беру бағдарламасының студенті Хумархан Тансая, сондай-ақ маркетинг және қабылдау офисінің жетекшісі Гүлнар Мұсанова кездесті.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі жан-жақты жауап алды. Университет өкілдері болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығын атап өтті.