Перейти к содержимому страницы.

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» АТТЫ ЖАҢА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

26.03.2026

 

Зертхананы құру BR28712263 «Қазақстанның дарынды балаларын дамыту бойынша педагог кадрларды даярлаудың кешенді ғылыми-инновациялық жүйесін құру» ғылыми бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Зертхана университеттің бас корпусында орналасқан және білім алушылардың психоэмоционалдық жағдайын диагностикалау, түзету және дамытуға арналған жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған заманауи сенсорлық интерактивті ортамен қамтамасыз етілген.

Зертхананың негізгі қызмет бағыттары:

-     психологиялық-педагогикалық қолдау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

-     білім алушылар мен педагогтарды қолдаудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу;

-     білім беру ортасындағы стресс факторлары мен эмоционалдық күйзелісті (күйіп кетуді) зерттеу және оларды төмендету бойынша шаралар әзірлеу;

-     ғылыми-әдістемелік және консультациялық көмек ұйымдастыру;

-     заманауи талаптар мен сын-қатерлерді ескере отырып, білім беру үдерістерін сүйемелдеу.

Зертхана жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор Б.А. Матаев.

Зертхана жұмысында интерактивті жүйелермен, VR-технологиялармен, нейрогарнитуралармен және дамытушы модульдермен жабдықталған сенсорлық бөлмені (Sensory Interactive Room) пайдалану арқылы жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Зертхананың ашылуы университеттің және өңірдің ғылыми-білім беру экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама болашақ педагогтар мен психологтарды даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ өңірдің білім беру жүйесіне ғылыми негізделген қолдау тәжірибелерін енгізуге бағытталған.

Оқытушыларды, студенттерді және зерттеушілерді зертхана жобаларына қатысуға және ынтымақтастыққа шақырамыз.