АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ҚАДАМ
03.04.2026
Марғұлан университет студенттері арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасына арналған кездесу өтті. Қатысушыларға шетелде оқу мүмкіндіктері мен халықаралық білім тәжірибесінің артықшылықтары туралы ақпарат берілді.
Іс-шараны «Екі шет тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері — Тулеу Назым, Малика Шайлавова және Калыкова Дильназ ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Негізгі тақырып — академиялық ұтқырлықтың студенттің жеке және кәсіби дамуына әсері. Спикерлер шетелде оқу тілдік дағдыларды жетілдіруге, жаңа мәдениеттермен танысуға және жаһандық көзқарас қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
Нақты мысалдар мен мотивациялық ойлар презентацияны қызықты әрі тартымды етті. Кездесу студенттердің шетелде оқу мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуіне көмектесіп қана қоймай, жаңа білімдік мақсаттарға жетуге ынталандырды.
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)