ӘДЕБИ КЕШ: «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы
24.11.2022
Бүгін Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада қазақтың көрнекті ағартушысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты әдеби-поэтикалық кеш өтті.
Кешке педагогика ғылымдарының кандидаты, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының оқытушы-зерттеушісі Старченко Галина Николаевна қатысып, жиналғандарға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, педагогикалық қызметі туралы әңгімеледі.
- Ахмет Байтұрсынұлының өмірі өте ауыр болған адам. Жасынан ғылым мен білімге құштар болған. Ол қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, қазақ балаларына арнап әліппе құрастырды. Сонымен қатар, қазақ мәдениеті мен фольклорын зерттеумен де айналысты, - деді Галина Николаевна.
Кеш жүргізушілері Жолдыбай Айдана мен Бешембаева Даяна Ахмет Байтұрсынұлыынң өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде маңызды деректермен бөлісті. Сондай-ақ, ақын өмірінен шағын эпизодтың қойылымы көрсетілді. Ал педагогика жоғары мектебінің студенттері Лебедь София, Серімова Адина, Байгенжина Сабина, Борозенец Дарья сынды студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Шараға қатысушыларға «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Содан кейін ұлағатты ұстаздың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған викторина өткізіліп, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.