4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
04.06.2026
Бүгін Павлодар қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға облыс әкімі, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар мен өңір тұрғындары қатысты.
Мерекелік шараға Марғұлан университеті де белсенді түрде атсалысты. Салтанатты рәсімге университет студенттері мен «Марғұлан» жастар еңбек жасағының сарбаздары қатысып, тәуелсіз Қазақстанның басты рәміздеріне құрмет көрсетті.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен бірлігінің, ұлттық мақтанышының айқын белгісі.



