300-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГРАНТЫН АЛУҒА АТСАЛЫСУДА
31.03.2026

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде 11-сынып оқушыларына арналған дәстүрлі пәндік олимпиаданың екінші туры өтуде. Марғұлан университетінің білім грантын жеңіп алу үшін өңірдің әр түкпірінен шамамен 300 оқушы бақ сынады.

Олимпиада биыл география, математика, информатика, биология, физика, химия, тарих, ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша өткізілді. Қатысушылардың басым бөлігі география, математика және ағылшын пәндерін таңдады.

Сайысқа арнайы мамандандырылған лицейлер мен гимназиялардың, сондай-ақ Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен облыс аудандарының мектеп оқушылары қатысты.

Жеңімпаздар Марғұлан университетінің ректорының білім грантына ие болып, жүлдегерлер оқу ақысынан 50% және 25% жеңілдік алады.
