Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КІТАП ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

13.10.2026

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Кітап оқитын университет» бағыты бойынша 1–2 курс студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында студенттер алғашқы оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылап, оқуға ұсынатын кітаптары жөнінде пікір алмасты.

Кітап оқу – адамның дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытудың маңызды жолы. Тұрақты оқу сыни ойлау қабілетін жетілдіруге, зейінді шоғырландыруға және ақпаратты тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Осындай кездесулер студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға және оқырмандық тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік береді.