Перейти к содержимому страницы.

ІІІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ФОРУМЫ

19.11.2026

Марғұлан университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Алтынбек Нухұлы және Басқарма мүшесі – даму және студенттермен жұмыс жөніндегі проректор Серік Құрғамысұлы елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан ІІІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ФОРУМЫНА қатысуда.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке атқарылған ауқымды жұмыстары үшін ризашылығын білдірді:


«Қазір ауқымды ұйымдастыру жұмыстарының бірінші кезеңінен өттік деп айтуға болады. Осыған байланысты министр Саясат Нұрбекке ризашылығымды білдіремін.
Әлемнің жетекші оқу орындарымен жемісті серіктестік орнатып, көптеген шетелдік университеттің филиалдарын аштық. Білім беру мен ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды жаңғырту басталды».


Марғұлан университетінің серіктесі болып табылатын Түркияның Тоқат Газиосманпаша университетінен Тарих факультетінің деканы, профессор, PhD докторы Алпаслан Демир өкіл ретінде келіп, ректор Алтынбек Нухұлымен жүздесті.


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы серіктестік аясында Алпаслан Демир мырза Марғұлан университетіне келіп, дәріс оқыған болатын.