Перейти к содержимому страницы.

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ

18.11.2026

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ГИ-32 тобының (география–тарих) студенттеріне «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы» пәні бойынша ашық практикалық сабақ өткізілді.
«Алтын Орда тарихы» тақырыбындағы сабақты тарих ғылымдарының кандидаты, «Тарих» білім беру бағдарламасының профессоры Н. Е. Кузембаев жүргізді.
Сабақ барысында Жошы ұлысының (Ұлық Ұлыстың) тарихына қатысты негізгі мәселелер, оның Қазақстанның тарихи дамуындағы және қазақ халқының қалыптасуындағы орны мен маңызы қарастырылды.
Алтын Орда тарихының тарихнамасына, моңғол дәуіріндегі Қазақстан тарихына қатысты негізгі жазба деректерге, Ұлық Ұлыстың саяси тарихына, сондай-ақ Алтын Орда дәуіріндегі маңызды тарихи оқиғалар мен үдерістерге ерекше назар аударылды.
Алтын Орда тарихын зерттеу Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің тарихи сабақтастығын, этносаяси үдерістерді және Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттарын түсіну үшін маңызды мәнге ие.

Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің тарихи білімдерін тереңдету, тарихи ойлау дағдыларын, жазба деректерді сыни талдау қабілеттерін және Қазақстанның ортағасырлық тарихын зерттеудің ғылыми тәсілдерін дамыту.
Осындай сабақтарды өткізу болашақ тарих және география мұғалімдерінің кәсіби даярлық сапасын арттыруға, олардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыруға және Қазақстанның тарихи мұрасын зерделеуге деген қызығушылықтарын дамытуға ықпал етеді.