Экономические механизмы стимулирования развития сельскохозяйственной электронной коммерции в Казахстане

Ғылыми жобаның атауы: АР26102757 «Қазақстанда ауыл шаруашылығы электрондық коммерциясын дамытуды ынталандырудың экономикалық механизмдері»
Жоба жетекшісі – э.ғ.д., профессор Есенгельдин Бауыржан Сатыбалдинович
Жобаның мақсаты еліміздің агроөнеркәсіптік секторының әлемдік тәжірибесі мен ерекшелігін ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы электрондық коммерциясын дамытуды ынталандырудың экономикалық механизмін зерттеу және әзірлеу болып табылады.
1 міндет. Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы электрондық коммерцияның жай-күйі мен әлеуетін талдау. Күтілетін нәтиже: Қазақстанның ауыл шаруашылығында электрондық коммерцияны дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдармен талдамалық есепті әзірлеу.
2 міндет. Ауыл шаруашылығында электрондық коммерцияны енгізудегі негізгі экономикалық кедергілерді зерттеу. Күтілетін нәтиже: ауыл шаруашылығы секторында электрондық коммерцияны енгізу үшін экономикалық кедергілерді жою жөніндегі жол картасын әзірлеу.
3 міндет. Қазақстан фермерлерінің электрондық коммерцияны пайдалануының экономикалық тиімділігін бағалау. Күтілетін нәтиже: Қазақстан фермерлері үшін электрондық коммерцияны енгізудің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеу.
4 міндет. Ауыл шаруашылығындағы электрондық коммерцияны мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдерін талдау. Күтілетін нәтиже: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде электрондық коммерцияны ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
5 міндет. Электрондық коммерцияны ынталандырудың экономикалық механизмін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Күтілетін нәтиже: Қазақстанда ауыл шаруашылығы электрондық коммерциясын ынталандырудың экономикалық механизмдерін жақсарту үшін стратегиялық жоспар құру.
6 міндет. Қазақстанда ауыл шаруашылығы электрондық коммерциясының одан әрі дамуын болжау. Күтілетін нәтиже: Инновациялық технологиялар мен цифрлық құралдарды енгізуді ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы электрондық коммерциясын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу.
- Қазақстанның ауыл шаруашылығында электрондық коммерцияны дамытудың басым бағыттары бойынша талдамалық есеп
- Ауыл шаруашылығында электрондық коммерцияны енгізудегі негізгі экономикалық кедергілер
- Куәлік
- Ауыл шаруашылығы секторында электрондық коммерцияны енгізу үшін экономикалық кедергілерді жою жөніндегі жол картасы
- Қазақстан фермерлері үшін электрондық коммерцияны енгізудің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар