Жетістіктер
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Арнайы педагогика мамандығы, СП-21 тобының студенті Насриддинова Наргиза халықаралық «Үздік студент Центральной Азии» байқауында I дәрежелі дипломға ие болды.
Аталған байқауға қатысу барысында өзімнің осы уақытқа дейінгі жетістіктерім, ғылыми қызығушылықтарым мен кәсіби даму бағытым жан-жақты ұсынылды. Сонымен қатар, болашақтағы мақсат-міндеттерім, арнайы педагогика саласындағы өзекті мәселелерге деген көзқарасым мен оларды шешу жолдары негізделді.
Арнайы педагогика – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауға бағытталған маңызды сала. Осы бағытта мен кәсіби біліктілігімді арттырып, заманауи әдістерді меңгеру арқылы сапалы білім мен түзете-дамыту қызметін көрсетуге өз үлесімді қосуды мақсат етемін.
Бұл жетістік – жүйелі еңбектің, үздіксіз ізденістің және сапалы білімнің нәтижесі. Алдағы уақытта да ғылыми және кәсіби дамуымды жалғастырып, қоғамға пайдалы маман болуға ұмтыламын.
Жетістікке жету жолында қолдау көрсеткен ұстаздарыма және кураторым Алтынай Қанатовнаға шексіз алғысымды білдіремін.
