Перейти к содержимому страницы.

Халықаралық ынтымақтастық офисінің басшысы

 «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық

университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға арналған конкурс жариялайды:

  

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары білім және осы саладағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, шетел азаматтарымен жұмыс тәжірибесі.

Лауазымдық міндеттері:

- халықаралық бағдарламалар, халықаралық жобалар, интеграция мен білім беру қызметін ғылыми-ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етуді;

- ақпарат алмасудың жаңа білімін қалыптастыру үшін ақпараттық құрылымды дамытуды;

- серіктес жоғары оқу орындарында жас оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуды; ғылым мен жоғары технологиялардың серпінді бағыттары бойынша ғылыми кадрларды даярлауды ғылыми-ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді; ғылыми кадрларға қажеттіліктерді талдау және мониторингілеуді;

-халықаралық академиялық және ғылыми оралымдылықты және халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды арттыру мақсатында ғылыми, технологиялық және инновациялық халықаралық зертханаларды, орталықтарды, ғылыми-білім беру интеграцияланған құрылымдарын дамытуды;

- ғылыми және халықаралық ақпараттық-көрме қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлайсыз, ұйымдастырасыз және бақылайсыз.

 

Қосымша ақпарат

Кәсіби құзіреттіліктер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

жауапкершілік;

өздігінен шешім қабылдай білу іскерлігі;

әлеуметтік бейімділік;

ынтымақтастық және өзара әрекеттестік;

командада жұмыс жасай білу.

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

көшбасшылық;

парасаттылық;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

бастамашылдық;

қатынасымдылық;

ұйымдастырушылық қабілеттері;

өзін-өзі бақылау;

күйзеліс тұрақтылығы.

 

Қазақ және орыс, шетел тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

-      жеке куәліктің көшірмесі;

- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

 

Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 6 мамырдан бастап 18 мамырды қоса алғанда жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару қызметі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).