Перейти к содержимому страницы.

«M001 Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары тобы бойынша 2026 жылғы магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 05.03.2026 жылғы № 14- 0/1181-вн хаты негізінде Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті «M001 Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары оқу орындары арасында магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық байқауын өткізу жөніндегі базалық ЖОО болып табылады және II кезеңге байқау құжаттарын қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары магистранттарының жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын («Республикалық байқауына» деген белгімен) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдарға сәйкес байқауға белгіленген мерзімде қағаз және электрондық нұсқада жұмыстарды мынадай мекенжай бойынша ұсынуды сұраймыз: индекс 140002, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60 құрылыс, 112-кабинет.

Анықтама телефондары: +77774350802 (Аяпбергенова Гульсум Сагындыковна), +77474673821 (Утегенова Меруерт Сыздыковна), Е-mail: utegenovams@ppu.edu.kz  

Байқауға жұмыстар 2026 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.