Перейти к содержимому страницы.

Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- ББ бейіні бойынша жоғары (бакалавриат/специалитет) және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

-     ғылыми дәрежесінің болуы: ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор;

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

- соңғы 3 жылда оқыту курсы үшін кемінде 72 сағат көлемінде білім берудегі менеджмент /академиялық көшбасшылық, оқытылатын пәндер бейіні, инклюзивті білім беру әдістемесі, жасанды интеллект (курстар, тағылымдамалар) саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы.

- соңғы 5 жылда SCOPUS немесе Web of Science базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы 5 жылда ҚР ҒЖБМ ҒЖББСБК-мен ұсынылатын журналдарда (және ҚР ҒЖБМ ҒЖББСБК-ның тізімі бойынша оларға теңестірілген) кемінде 2 жарияланым.

Қосымша ақпарат

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

-     ынтымақтастық және әрекеттестік;

-     парасаттылық;

-     көшбасшылық;

-     бастамашылдық;

-     күйзеліс тұрақтылығы.

         Қажетті құжаттар тізімі:

          -        өтініш;

          -        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

          -        өмірбаян;

          -        жеке куәліктің көшірмесі;

          -        жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

          -        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;

-      ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;

-      соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);

-      құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-      психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

- 2026–2029 жылдарға арналған білім беру бағдарламасын (БББ) ілгерілету және дамыту стратегиясының жобасы. Жобада талапкерлерді сапалы іріктеу, білім беру бағдарламасының бірегейлігін қамтамасыз ету, академиялық үздіктікке қол жеткізу, ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласындағы көшбасшылық, университеттің үшінші миссиясын іске асыру, сондай-ақ университеттің даму стратегиясына сәйкес білім беру бағдарламасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағыттары бойынша білім беру бағдарламасын дамытудың пайымы (көзқарасы) ұсынылуы тиіс. Жоба көлемі 10 слайдтан аспайтын электрондық презентация түрінде ұсынылады.

         Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы – ректордың атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- мінездеме;

- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;

-      қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-      психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама.

- 2026–2029 жылдарға арналған білім беру бағдарламасын (БББ) ілгерілету және дамыту стратегиясының жобасы. Жобада талапкерлерді сапалы іріктеу, білім беру бағдарламасының бірегейлігін қамтамасыз ету, академиялық үздіктікке қол жеткізу, ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласындағы көшбасшылық, университеттің үшінші миссиясын іске асыру, сондай-ақ университеттің даму стратегиясына сәйкес білім беру бағдарламасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағыттары бойынша білім беру бағдарламасын дамытудың пайымы (көзқарасы) ұсынылуы тиіс. Жоба көлемі 10 слайдтан аспайтын электрондық презентация түрінде ұсынылады.

Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде kense@ppu.edu.kz электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

2026 ж. 2 шілдеден бастап 2026 жылғы 15 шілдені қоса алғанда, құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару қызметі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).