Перейти к содержимому страницы.

Платформа «TilUiren.kz» для преодоления трудностей в изучении языка учащимися 5-7 класса

Жалпы мәлімет:

Жоба жетекшісінің аты-жөні:АХТАЕВА Нағима Хабдрашитқызы

Ғылыми дәрежесі / қызметі: PhD доктор, ГҒЖМ қауымдастырылған профессоры

Жобаның атауы: ЖТН AP26104285 «TilUiren.kz» платформасы арқылы оқушылардың тіл үйренудегі кедергілерін жеңу (5-7-сынып)

Жобаның мақсаты: «TilUiren.kz» платформасы арқылы 5–7-сынып оқушыларының қазақ тілін меңгеру дағдыларын интерактивті тәсілмен дамыту, сөздік қорын кеңейту және тілдік кедергілерді жеңуге жағдай жасау.

Жоба арқылы қандай нәтиже қол жеткіземіз?

Тілдік дағдылар дамытылады.  Оқушылар өз ойын нақты, ашық, сенімді түрде жеткізетін деңгейге жетеді. Мәтіндерді сауатты жазуға, негізгі ойды айыра білуге машықтанады.

Сөздік қор байытылады. Нәтижесінде, сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс түсінетін, тілді белсенді қолдан алатын ұрпақ тәрбиеленеді.

Қарым-қатынас дағдылар жақсартылады. Пікір алысу, сөйлеу мәдениетін меңгеру сынды әлеуметтік дағдылар шешімін табады.

Оқуға деген ынта арттырылады. «TilUiren.kz» платформасындағы қызықты тапсырмалар негізінде тілді үйренуді қызықты дағды ретінде қабылдайтын болады.

Жоба жүзеге асырылатын мерзім: 2025–2028 жылдар

Жоба туралы жалпы ақпарат

1.1. «TilUiren.kz» платформасы арқылы оқушылардың тіл үйренудегі кедергілерін жеңу (5-7-сынып).

1.2. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы. 4) Елдің зияткерлік әлеуеті

1.3. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, 4. Білім беру және ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер:

1.4. Ғылыми бағыттардың классификаторына сәйкес зерттеу саласы 4.6 Білім беруді цифрландырудың өзекті мәселелері;

1.5. Зерттеу түрі. Іргелі

1.6. Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы. Барлығы 36 ай. 01 қаңтар 2025 жылдан 31 желтоқсан 2027 жылға дейін.